Бұл өңірде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан бесінші мектеп, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Заманауи білім ордасы қаладағы Тимофеев көшесінде орналасқан. 300 орынға есептелген мектепте оқыту аралас тілде, нақты айтқанда орыс және қазақ тілдерінде жүргізіледі.
Айта кету керек, бұған дейін Шмелев лог және Бабкин мельница шағын аудандарында мектеп болмаған, балалар қалаға қатынап оқуға баруға мәжбүр болған. Сондықтан заманауи техникамен жабдықталған кабинеттері мен кең спорт залы, сапалы білім алу үшін қажет нәрсенің бәрі бар жаңа жайлы ғимаратта 295 бала оқуға ниет білдірді.
Қазір мектепте лицензия алу үшін құжаттар дайындалып, педагогикалық және техникалық қызметшілер қабылдануда. Пайдалануға берілгеннен кейін №31 жаңа мектеп оқушыларға есігін айқара ашады.
фотосурет: bizmedia.kz
Пікірлер