4 қаңтардан бастап кезекші кесте бойынша Белинский көшесі, 37а мекенжайы бойынша орналасқан №3 Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Айта кетейік, бұған дейін кезекші ХҚКО Сәтпаев, 34/2 мекенжайында болған. Қаңтарда ол әдеттегі қызмет көрсету кестесіне ауысады және азаматтарды жұмыс күндері сағат 18.00-ге дейін қабылдайды.
Естеріңізге сала кетейік, кезекші Халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін түскі үзіліссіз, сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды.
– Басқа орталықтар әдеттегі кесте бойынша жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Мамандандырылған ХҚКО мекен-жайы өзгеріссіз қалады: Өскемен қаласы, Самара тас жолы, 23. Ол дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 18.00-ге дейін жұмыс істейді, ал дайын құжаттарды беру 20.00-ге дейін, сенбіде 9.00-ден 13.00-ге дейін, – делінген ақпаратта.
Пікірлер