A+ A A-

talgatzhan 45 8-01-2025, 12:23 0

Өскеменде бірнеше көпқабатты үй жылусыз қалды

Өскемен

Облыс орталығындағы 38 көпқабатты үй мен 28 ғимарат ыстық су мен жылусыз отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Астана, Космический, Қашаубаев көшелерінде және Назарбаев даңғылында орналасқан үйлердің тұрғындары жылусыз қалды. Жылусыз қалған 38 көп қөпқабатты үйде 2842 отбасы тұратыны белгілі болды.

Жылу 4-қаңтар күні таңғы сағат 4 шамасында өшірілген. Мұны жылу жүйесіндегі ақаулардың салдарынан деп түсіндірді құзырлы мекеме. «Шығыс жылу» ЖШС бірнеше мекенжайға телефонограмма жібергенімен,
алдын-ала ақпаратты қалалық БАҚ-та немесе әлеуметтік желіде бөлісуі керек болған. Еш ескертусіз жылудың өшуі қала жұртын біраз әбігерге салды.

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев әр жиналыста, әсіресе коммуналдық саладағы төтенше жағдайлар кезінде халықты уақытылы хабардар етудің маңыздылығын атап өтсе де,
тапсырманы орындаған құзырлы мекеме жоқ.

Қалада жылусыз қалған көшелер мыналар:
Ә.Қашаубаев көшесі: 1, 3, 5, 9, 13-шіүйлер;
• Астана көшесі: 4, 6, 8, 10-
шы үйлер;
Космический көшесі: 4, 4/1, 6, 6/1, 8, 8/1, 8/2-ші үйлер;
• Назарбаев
даңғылы: 1, 2, 3, 3/1, 5, 5/1, 6, 7, 7/1, 8, 9, 10, 11, 11/1, 11/2, 12, 12/1, 12/2, 14, 14/1, 14/2, 18-шы үйлер.

Жылусыз қалған заңды мекемелердің ғимараттары:
• Ә.Қашаубаев көшесі: 1, 3/1, 5/1, 7, 7/1, 7/2;
• Астана көшесі: 4, 10/A;
• Достоевский көшесі: 6, 6/1, 6/A;
Космический көшесі: 6/2, 6/3, 8;
• Назарбаев даңғылы: 1/1, 2, 3/3, 4, 5/2, 5/3, 5/5, 7, 8/1, 9/1, 11, 14, 16, 18.

P/s: Халықтың тіршілігіне әсер ететін осындай жағдайларда уақтылы және нақты ақпарат берудің маңызы зор.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив