Жаңа жыл мерекесімен тұспа-тұс келген туған күнде Лера есімді балдырғанның арманы орындалды. Жануардың осы бір түріне қызығушылық танытқанына міне бірнеше жылдан асқан. Өскемендегі «ҚазЦинк» ЖСШ қызметкері Дарья Алейкинова қызының 10 жасына толуына орай баланың өзі армандаған сыйлық – жыланды тарту етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
уған күн иесінің айтуынша, ол жылан асырауды төрт жасынан бері армандаған. Алғаш хайуанаттар бағынан жыланның «Императорлық боа» атты түрін көріп, бірден ғашық болыпты. Бауырымен жорғаулаушыға қызыққан баланың бұл ісіне ата-анасы аса мән бермеген. Десе де Лера жыл сайын туған күніне жылан алғысы келетінін айтып, тіпті Аяз атаға хат жолдаған екен.
- Өткен жылы қызымыз бізге «Бұл менің ең алғашқы мерейтойым, 10 жасқа толамын, ерекше күнде арманым орындалуы қажет» деген еді. Біз бұл жолы қарсылық көрсете алмадық. Осылайша қызыма Тори есімді жыланды сыйлауға бел будық. Жануарды арнайы дүкеннен сатып алдық. Енді оның күтімімен Лераның өзі айналысатын болады, - деді анасы.
Лераға тарту етілген жыланның тұқымы үйде ұстауға өте ыңғайлы. Көп күтімді қажет етпейтіндігі де белгілі болды. Тек тамағы мен баспананың тұрақты темпаратурасы болуы шарт. Анасының айтуынша, Лера жыланына махаббатпен қарайды. Аптасына үш рет үйшігін тазалап, суын мезгіл-мезгіл ауыстырып отырады. Қазір жыланның ұзындығы 30 сантиметр болған, әдетте үй жыланының ұзындығы 1 метрге дейін жетеді.
Пікірлер