A+ A A-

talgatzhan 35 9-01-2025, 10:11 0

Өскеменде полиция қызметкерлері Жәлелхан Мұрымбаевты еске алды

Өскемен

Осыдан 24 жыл бұрын қар құрсауында қалған қарттарға құтқару үшін өз өмірін қиған полиция капитаны Жәлелхан Мұрымбаевтың ерлігі шығысқазақстандықтардың есінде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

2001 жылы 5 қаңтарда Жәлелхан Мұрымбаев Өскемен қаласынан өзі тұратын ауданға қарай бет алған. Ол Жарма мен Көкпекті аудандарын жалғайтын жолда жергілікті мәдениет бөлімінің қызметкерлері мінген көліктің қарға батып қалғаны туралы хабар алып, бірден оқиға орнына аттанған. Үлкен кісілерді қызметтік көлігіне мінгізген соң, өзі ауданға қарай жаяу жетпек болған. Себебі көлік ішінде адам мінетін орын қалмаған. Боранның қаттылығы сондай, Жәлелхан Мұрымбаев адасып, мерт болған.

«Жәлелхан Мұрымбаевтың батырлығы мен қызметтік борышына адалдығы ел есінде мәңгі сақталады» - дейді әріптестері.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив