A+ A A-

talgatzhan 42 13-01-2025, 14:58 0

Өскемендегі сары түтін тұрғындардың үрейін ұшырды

Өскемен

Экологтар облыс орталығындағы өнеркәсіп орталықтарының бірінен шыққан сары түтінге қатысты мәлімдеме берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі

Бүгін әлеуметтік желілерде аспанды жайлаған сары түтіннің суреттері тарады. Фотосуреттер Гоголь көшесінде түсірілгендігі анықталды. Өскеменде қатарынан екі күн қолайсыз метеожағдай орнағандықтан, бұл көрініс жұртты біраз алаңдатып қойды. Кейіннен ШҚО экология департаментінің мамандары дереу мәлімдеме жасады.

- Қазір экология департаментінің қызметкерлері қаладағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың бірінің аумағында тексерістер жүргізуде. Бұл жағдайға қатысты зерттеулер жарияланатын болады,- деп түсіндірді ШҚО экология департаментінің баспасөз қызметі.

Фотосурет: sozmedia.kz

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив