Облыс орталығында нақты қандай атмосфераны ластаушы заттардың мөлшері артқаны белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қалада екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай 14-қаңтардың кешіне дейін жалғасады.
- 14-қаңтарда метеорологиялық жағдай атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Жалпы қала бойынша ауа сапасы нашарлайды, - делінген "Қазгидромет" РМК шығыстағы филиалы берген ақпаратта.
Ластаушы заттарға келетін болсақ, кеше, 12-қаңтарда шекті рұқсат етілген көміртегі оксиді -+ 1,7 есе; бүгін - күкіртсутек (2 есе), көміртегі оксиді (1,2 есе), күкірт диоксиді (1,1 есе) артқан.
Фотосурет ашық дереккөзден
Пікірлер