Биыл үш базар сауданың заманауи форматына көшеді деп жоспарланған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сауда және интеграция министрлігінің сауда комитетінің ақпараты бойынша, заңнамаға сәйкес, базарлар онлайн-төлемдерге арналған аппараттармен жабдықталуы, санитарлық және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келуі, сондай-ақ өз аумағының шекарасында тұрақ орындары болуы тиіс. Өңірлердегі базарларды жаңғырту жеке инвестициялар есебінен жүзеге асады. Жол картасына сәйкес, 2025 жылы модернизация Өскеменнің үш базарында жүреді. Бұлар: "Заречный", "Орталық" және "Заря" (КШТ) базарлары.
Фотосурет:yk-news.kz
Пікірлер