2024 жылдың желтоқсанның қорытындысы бойынша Қазақстанда жалға алу бағасы айына 1,1% және жылына 7,9% өсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Елдің ірі қалалары бойынша желтоқсанда ең көп айлық баға өсімі Астанада (6,1%), Ақтөбеде (5,3%) және Талдықорғанда (4,2%) тіркелді. Атырау, Қарағанды, Қызылорда және Түркістан қалаларында баға 2024 жылғы қараша деңгейінде қалды.
Тұрғын үйді жалға беру бағасы Алматыда, Шымкентте және Өскеменде 0,9%, Қонаевта 1,8%, Ақтауда 2,1%, Оралда 2,2% төмендеді.
Жылдық динамика бойынша бағаның айтарлықтай өсуі Талдықорғанда (26,6%), Астанада (25,8%) және Шымкентте (18,6%) байқалды. Атырауда баға былтырғы деңгейде сақталса, Алматы мен Түркістанда тұрғын үйді жалға алу бағасы сәйкесінше 0,3% және 1% төмендеді.
2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда бағаның ең жоғары жылдық өсімі Талдықорғанда (21,8%), ең төменгісі Павлодарда (0,7%) тіркелді. Ал Алматыда 0,6%, Түркістанда 1,8%, Ақтөбеде 4,8% төмендеген.
Қазақстандағы тұрғын үйді жалға алу құны өткен жылдың желтоқсан айында шаршы метрі – орташа есеппен 4,6 мың теңге.
Алматыда шаршы метріне 5,3 мың теңгеге жалдайды. Одан кейін Астана, Қарағанды, Жезқазған және Шымкентте қымбат.
Тұрғын үйді жалға алудың ең төмен құны Тараз қаласында – шаршы метрі 2,1 мың теңге.
Пікірлер