Жалға алу бағасының төмендеуі Қазақстанның алты қаласында тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Finprom агенттігінің хабарлауынша, 2024 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша Қазақстанда жалға берілетін тұрғын үйдің бағасы бір айда 1,1% - ға және бір жылда 7,9% - ға өсті. Ал жалға алудың орташа құны бір шаршы метрге 4,6 мың теңгені құрады. Қалалар ішінде баға Астанада аспандап тұр (6,1%) , кейін Ақтөбеде — 5,3% - ға және Талдықорғанда-4,2% - ға артқаны анықталды. Кейбір қалаларда тұрғын үйді жалға алудың арзандауы байқалды: Алматы, Шымкент және Өскеменде-0,9%, Қонаевта — 1,8%, Ақтауда — 2,1%, Орал қаласында — 2,2%.
Пікірлер