Өскемендегі саябақтардың бірінде күдікті зат табылды
Өскемен / Бүгін
Арнайы жасақ ақпараттың рас-өтірігін тексеру үшін қала орталығындағы «Жастар» саябағына барды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- 21 қаңтарда полиция қызметіне саябақта күдікті зат табылғаны туралы хабар түсті. Арнайы жасақ оқиға орнына дер кезінде барып, тексеру жүргізді, қауіпті ештеңе табылған жоқ, - деді ШҚО ПД баспасөз қызметінің өкілдері.
Пікірлер