Ертістің сол жағауы күннен-күнге дамып, қос жағалауды қосатын екі көпірге көп күш түсіп жатқаны белгілі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Осы орайда ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділовтың айтуынша, Виноградов көшесінен Сәтбаев даңғылына шығатын жаңа көпір салынуы мүмкін. Мұндай шешім Өскемендегі көлік кептелісін азайтуға мүмкіндік береді.
— Қазір конкурстық рәсімдер аяқталуға жақын, содан кейін мердігер сметалық құжаттаманы жасауға кіріседі. Егер жыл соңына дейін жобалау аяқталса, келесі жылы жаңа көпірдің құрылысы басталуы мүмкін, - деді басқарма басшысы Нұржан Жұмаділов.
Фотосурет: sozmedia.kz
Пікірлер