A+ A A-

talgatzhan 0 27-01-2025, 18:07 0

Өскемендегі 20 шағын ауданда түйткілі шешілмей жүрген мәселелер қандай?

Өскемен / Бүгін

Бүгін қала әкімі Алмат Ақышов 19, 20, 21 шағын ауданның жұртымен кездесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тішісі.

Қала басшысы болып тағайындалғанына 1 айдан асқан Алмат Ақышов қала іргесіндегі кенттер, ауылдар мен шағын аудандарға жиі барып жүр. Бұл жолы әкімқала шетіндегі 19,20,21-ші шағын аудандарға табан тіреп, жергілікті тұрғындардың шағым-тілектеріне құлақ түрді.

Тұрғындардың айтуынша шағын аудандардағы басты мәселе – жол, жарық, ауыз су Һәм жылудың жоқтығы. Бұл мәселелер әсіресе 20 шағын аудандықтардың жанына батуда.

- Аудандағы жеті көшеде (Қазына, Думан, Шапағат, Өсиет, Толағай, Жерұйық, Ақжол) жол төселмеген. Әсіресе жоғарырақ орналасқан Жерұйық көшесіне қыс тұрмақ жазда да көтеріліп түсу көліктерге өте қиын. Жоғарыда айтқан көшелерде 2018 жылдан бері ауыз су жайы ауыз толтырып айтар жағдайда емес. Жер үйлерге жыл санап әрең жеткен құбырлар біртіндеп жарылып жатыр. Сондай ақ Ақжол көшесінің жұрты жарықсыз, тас қараңғыда отыр, - деді 20 шағын ауданның тұрғыны.

Тұрғындар көтерген мәселелерге қала әкімі мен жауапты басқармалар ресми жауап берді.

- Ресми ақпарат бойынша, Толағай, Қазына, Жерұйық, Гумилев және Есенберлин даңғылынан аталған шағын ауданға дейін көтерме жол төсеу жұмыстары жоспарға алынған. Сондай ақ Иванов көшесінде ұзындығы 1,5 шақырым болатын жолға асфальт төселеді. Бюджетке қарай бұл жұмыстардан бөлек басқа да көшелерге жол төсеу жұмыстарының жүруі әбден мүмкін, - деді Алмат Ақышов.

Белгілі болғандай, Ақжол көшесінің жарықсыз қалуына құрылыс бөлімінің жұмыстары себеп болып отыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив