A+ A A-

talgatzhan 35 30-01-2025, 10:45 0

Өскеменде балаларға арналған ерекше күнделік жарық көрді

Өскемен / Бүгін

Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында «New Bala» атты күнделіктің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Күнделік авторы Өскемен қаласының тұрғыны, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, көпбалалы ана - Маржан Сәулебайқызы. «Тәрбие тал бесіктен» демекші, автор баланың болашағына арналған танымдық күнделіктердің тұлға қалыптастыруда маңызы зор екендігін айтады.

- Жиналмайтын үй, гаджеттен бас алмайтын балалар, күнделікті бірсарынды тіршілік, жоспар мен тәртіптің жоқтығы, тұрмыстың қамы – ерекше күнделіктің жарыққа шығуына басты себеп. Күнделікті баспаға жібермес бұрын әуелі балаларымнан сынақтан өткізіп көрдім. Бүгінде олар мақсаттарын айқындап, қолдары босай қалса уақытты ұтымды пайдаланып жүр, үйде тәртіп орнығып, бойларына игі қасиеттерді сіңіре бастады. Күнделіктің арқасында балалар жеті атасын жаттап, жақсы амалдарды жасауға мүмкіндік алады, - деді күнделік авторы Маржан Сәулебайқызы.

Күнделік 90 күнге арналған, яғни 3 айда үзбей күнделікті пайдаланған бүлдіршіндерде жақсы әдет қалыптасары анық. «New Bala» күнделігінің тұсаукесеріне қалалық қосымша білім беру орталықтарының мұғалімдері, кітапханашылар, оқытушылар, сондай-ақ Іскер әйелдер қауымдастығының қатысушылары жиналды. Игі басатаманы қолдаған кәсіпкерлер мен ата-аналардың қарасы көп.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив