A+ A A-

talgatzhan 25 30-01-2025, 18:00 0

Өскемендегі «Шмелев Лог» кентіне жаңа автобус бағыты керек

Өскемен

Кент тұрғындарының айтуынша, бүгінде қала орталығына жету мұң болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов қала іргесіндегі кенттер, ауылдар мен шағын аудандарға жиі барып жүр. Бүгін қала басшысы «Шмелев Лог» кентінің тұрғындарымен кездесті. Тұрғындардың айтуынша, қаланың іргесінде ғана орналасқан кенттен шаһар орталығына жету соңғы кездері мұң болып барады. «Автобус бар, қолайлы бағыт жоқ» дейді халық.

- Қолданыстағы автобус бағыты тұрғындар үшін қолайсыз. Жұрт көбіне базарға, балабақшаға, мектеп пен ауруханаларға жиі барады. Ал қазіргі автобустың бағытында айтылған нысандар жоқ, - дейді тұрғындар.

Қала әкімі Алмат Ақышов аталған мәселені қолға алатынын мәлімдеді. «Кенттен қала орталығындағы автобекетке не орталық базарға апаратын жаңа автобус бағытын қосу жопарға алынады» деді Өскемен қаласының әкімі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив