A+ A A-

admin 36 13-02-2025, 10:00 0

Өскемендіктер медициналық орталық ғимаратының суықтығына шағымданды

Өскемен

Өскемен қаласының тұрғындары мамандандырылған медициналық орталық ғимаратының суықтығына наразылық білдірді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тұрғындардың айтуынша, ғимарат іші тым суық. Соның салдарынан пациенттер бірнеше көрпеге қымтанып жатады.

— Оның үстіне орталықта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кейбір науқас дәлізде жатуға мәжбүр, — дейді олар.

Халықтың сынына мамандандырылған медициналық орталықтан жауап берді.

— Ғимараттың электр желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Соның аясында жарықтандыру панельдері толығымен ауыстырылып, энергия үнемдейтін шамдар орнатылды. Мұндай ауқымды жөндеу жұмыстары 1978 жылдан бері жүргізілмеген. Сондай-ақ дүйсенбіде дизельдік генератор қондырғысын орнату жұмыстары аяқталды. Жаңа жабдық гемодиализ, хирургия бөлімшелерін және клиникалық диагностикалық зертхананы жылумен үздіксіз қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда жансақтау бөліміне екінші дизель генераторын орнату жұмыстары жалғасуда, — деп хабарлады орталық өкілдері.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив