A+ A A-

talgatzhan 32 13-03-2025, 12:50 0

«Бабкина мельница» тұрғындары: Жолдың жайы мәз емес

Өскемен / Бүгін

Қала әкімі Алмат Ақышов «Бабкина мельница» шағын ауданының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Кездесу барысында аудан тұрғындары бірқатар мәселені көтерді. Жалпы өңір бойынша жанға батқан жолдың жыры аталған ауданды да атап кетпеді. Тұрғындардың айтуынша, көше жолдарында аяқ алып жүрер жер жоқ.

- Шағын аудандағы Тимофеев көшесінен бастап кіші көше жолдары жөндеу жұмыстарын қаже етеді. Былтыр жер үйлерге су енгізу мақсатында жолдарды қопарып тастады. Сумен қамтамасыз етуші мердігер компания жолды қайта жөндеп береміз деп уәде еткен-ді. Жөндейді дегенше қыс түсіп, көшелерді қар алды. Қазір міне жолдың бәрі ойдым-ойдым, аяқ алып жүрер жер жоқ, - деп шағымданды тұрғындардың бірі.

Сондай-ақ жұрт шағын аудандағы көпір жолының жағдайы мәз емес екендігін алға тартты. Айтуларынша, шұңқырдың көптігінен көліктердің дөңгелектері жарылған жағдайлар болған.

Қала әкімі Алмат Талғатұлы ТҮКШ, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөліміне бұл мәселені жан-жақты қарастыруды тапсырды. Белгілі болғандай, «Бабкина мельница» шағын ауданы арқылы өтетін көпірді жөндеу биыл жоспарға енгізілген.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив