Алдағы сенбіде облыс орталығында кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өскемендегі Жібек жолы көшесі, 44 мекенжайында өтетін жәрмеңкеде Катонқарағай ауданының кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынатын болады. Тұрғындар назарына әдеттегідей арзан бағада ет, балық, май, сүт өнімдері, күнбағыс майы, бал саудаланбақ. Кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі қазан айының 12-і күні сағат 8:00-де басталады.
Пікірлер