Тәжірибелі төреші Валентин Измаиловтың айтуынша, қазір әр жастағы балалардың ала допқа деген қызығушылықтары ерекше, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қазір облыс орталығында екі жас бойынша волейболдан Қазақстан балалар-жасөспірімдер лигасы өтіп жатыр. Олар: 2009-2010 және 2011-2012 жылдары туғандар. Алғашқысында 13, келесі жас ерекшелігі бойынша 12 ұжым бақ сынауда.
– Өскемен түрлі деңгейдегі жарысты жиі өткізеді. Балалар қызығушылығы жоғары. Осы бәсекеде әр жас ерекшелігі бойынша еліміздің түкпір-түкпірінен келіп, өз мүмкіндіктерін сынап жатыр. 2009-2010 жылы туғандар арасында сегіз команда жүлдеден үмітті. Бәсеке қызатын сияқты. Павлодар, ШҚО, Жетісу, Шымкент волейболшыларының қарқыны қатты. Жалпы, төрешілер ірі додаларда қазылық етіп жүрген жандар. Сайыс әділетті, тартысты өтеді деген сенім мол. Иә, федерация басшылығында аз-кем өзгеріс тіркелді. Қазір жарыс төрелігіне қатты мән беріліп жатыр. Олардың арасында жастар да бар, – деді бас төреші.
Пікірлер