A+ A A-

talgatzhan 38 30-10-2024, 11:57 0

Өскеменде жерасты өткелінің жөндеу жұмыстары аяқталды

Өскемен

Облыс орталығындағы Назарбаев даңғылында орналасқан жерасты өткелі күрделі жөндеуден өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Қала тұрғындары «45-ші гастроном» ауданындағы жерасты өткелі апаттық жағдайда екенін бірнеше рет әкімдікке ескертіп, дабыл қаққан еді. «Өткелдің қабырғалары мен едендерін жаңартуды талап етеді, есіктері де сынған» - деп шағымданған тұрғындар.
Биыл өткелде жөндеу жұмыстары басталған. Жоспар бойынша жұмыстар тамыз айының соңына дейін аяқталмақ болған, бірақ жөндеуге қажетті материалдар кеш жеткізілген. 
29 қазанда нысанды Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар тексерді. 
- Гранит жабын мен әйнектер толығымен ауыстырылды, жаңа есіктер орнатылып, жарық тартылды. Сондай-ақ, өткелді жылдам жылытуға арналған арнайы құрылғы қойылды, - деді мердігер компания «IDEAL01» ЖШС директоры Ерболат Садықов.
Мердігер компания көктем кездерінде және жаңбырлы маусымдардағы жер асты өткелін су алып қалу мәселесін де шештік дейді.

Фотосурет: yk-news.kz

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив