A+ A A-

talgatzhan 45 30-10-2024, 14:43 0

Өскеменде жұмысшы жастар арасында жарыс өтуде

Өскемен

Облыс кәсіпорындары мен ұйымдарының жұмысшы жастары арасында «Қайратты жастар-2024» фестивалі өтуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бүгін «Адал азамат-Адал еңбек-Адал табыс» атты ұранмен алты кәсіпорыннан жиналған жастардың басы спорт орталығында тоғысты. Фестиваль жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара биыл бұрынғыдан ерекше ұйымдастырылған.
– Апта сайын қатысушы жастар спорттың әр түрінен бақ сынайтын болады. Жарыс бірнеше аптаға созылмақ. Былтырғы кемшіліктерден сабақ алып, қатысушылардың ұсыныстары биыл жүзеге асты. Мәселен, осы жылы жүлде қоры 1,5 млн теңгені құрады. Шара жұмысшы жастардың имиджін арттыруға септігін тигізеді деген ойдамыз. Еңбек адамының идеологиясын жастар арасында дәріптеу – бұл шараның басты мақсаты, – деді «Жастар ресурстық орталығының» директоры Айдос Әділбекұлы.
Облыстың ірі 6 кәсіпорнынан келген жұмысшы жастар шағын футбол, волейбол, теннис және интеллектуалды ойындарда  жүлделі орындарды сарапқа салмақ. Айта кету керек, бұл сайысқа қатысушылардың жасы 35-ке толмаған. Яғни, тек жастардың жарысы болмақ.
– Осы сайысқа Өскемен ЖЭО-ның намысын арқалап келдім. Бұл жарыс біздің спорттық шеберлігімізді арттыруға көмектеседі. Тек физикалық тұрғыдан ғана емес, ақыл-ойды дамытатын интелектуалды ойында өз мүмкіндігімізді байқаймыз. Фестивальге бір айдан астам уақыт бойы дайындалдық. Осындай жарыстар көп болып, өңір жастарын қолдай берсе екен дейміз, – деді Әлішер Әлімжанов есімді қатысушы.
Жарыстың алғашқы күні қатысушылар шағын футбол ойнап, өзара мықтыны анықтайды. Ал келесі аптада волейбол, кейін теннис ойындары өтпек. Финалдық ойын қатысушылардың интелектуалды білімін сарапқа салады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив