A+ A A-

talgatzhan 46 31-10-2024, 17:10 0

Өскемен әкімі көлік карталарын электронды форматқа көшіруді ұсынды

Өскемен

Қала әкімі Жақсылық Омар қоғамдық көлік қызметтерін цифрландыру қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, «Жолаушылар тасымалын басқару орталығы» ЖШС қазір Қазақстан көшесі, 154 (трамвай паркінің аумағы) мекенжайында орналасқан. Осыған дейін Жібек жолы көшесінде тұрғындарға қызмет көрсеткен болатын. Орталықта қоғамдық көлікке арналған «oskemencard» картасын алуға немесе толықтыруға мүмкіндік бар.
- Зейнеткерлер карталарын жиі сындырып алады немесе жоғалтып жатады. Мектеп оқушылары да жаңа карта жасату үшін орталыққа жиі келеді. Мәселен, біз бір күн 100-ге жуық тұрғынға қызмет көрсетеміз, - деді «Жолаушылар тасымалын басқару орталығы» мамандары.
Картаны рәсімдеу үшін құжаттарды қағаз түрінде әкеліп, сол жерде өтініш жазу керек. Аталған орталыққа барып қайтқан қала әкімі көлік карталарын электронды форматқа көшіру керек дейді.

Фотосурет: yk-news.kz

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив