A+ A A-

talgatzhan 33 1-11-2024, 10:53 0

Өскеменде полиция қызметкерлері пәтерлерді аралап болды

Өскемен

Облыс орталығында 16-шы қыркүйекте басталған жедел алдын алу шарасы бүгін, 1-ші қарашада аяқталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жедел алдын алу шарасы барысында полиция қызметкерлері қаладағы пәтерлерді аралады. Олар әуелі өздерін таныстырып, тұрғындар туралы мәлімет жинады. 
- Іс-шара аясында тәртіп сақшылары қызмет көрсетілетін аумақтарда қылмыстар мен қылмыстардың алдын алу шараларын күшейтті, - деп хабарлады қалалық полиция басқармасындағылар.
Кей тұрғындар полицейлерге есік ашпай, бейтаныс адамға жеке ақпараттарын беруден бас тартқан. Әрине, соңғы уақытта ел арасында алаяқтар тарады. Содан сақтанады.
- Дәл осылай күмән туындаған жағдайда сіз әрқашан 102 нөмірін теріп, полицияда өзін таныстырған қызметкердің бар-жоғын тексеріңіз, - деді полиция қызметкерлері.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив