Қыста жолды тазалау үшін қарды «ботқаға» айналдыратын тұзды ерітінді қолданысқа енеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қыс мезгілінде қала көшелеріндегі көктайғақпен күресудің бірнеше жолы бар. Бұл машиналармен, я қолмен жолды тазарту, жолға инертті материалдарды себу немесе жақында ғана қолданысқа енген сулы-тұзды ерітіндіні қолдану.
- Бұл шешімді іске асыру үшін жазда көшелерді суарумен айналысатын аралас жол машиналары қайта жұмыс істемек. Оларды арнайы бояу арқылы тануға болады. Айта кетейік, қазір «Таза Өскеменде» осындай 15 машина бар, - делінген ресми мәліметте.
Қарды «ботқаға» айналдыратын тұзды ерітінді басқа тәсілдерден қарағанда қарды оңай әрі тез ерітіп жібереді екен.
Пікірлер