A+ A A-

talgatzhan 34 20-11-2024, 10:28 0

Риддердегі аурухана құрылысы аяқталса, 500-дей адам жұмыспен қамтылады

Риддер

Үкіметте құрылысы 2021 жылы басталған аурухана кешенін аяқтау үшін қаржы бөлу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Жобаның жалпы құны 34,8 миллиард теңгені құраса, қазіргі таңда 6,6 миллиарды игерілді. Оның ішінде республикалық бюджеттен 2 миллиард теңге, жергілікті бюджеттен 4,6 миллиард теңге бөлінді. Ал қалған сома арнайы мемлекеттік қордан қарастырылмақ. 
Премьер-Министр Олжас Бектенов облысқа іс-сапармен келіп, құрылыс алаңын аралаған еді. Нысанды аяқтау үшін қаржыландыру қажеттілігі туралы айтылды. 
Облыс әкімдігінде өткен жиында аймақ басшысы Ермек Көшербаев аурухана құрылысының аяқталуына тағы бір тоқталып өтті. Қазір Риддерде 55 мың адам тұрып жатыр, оның 22,7 пайызы 60 жастан асқандар. Қаладағы аурухана осыдан 80 жылдан астам уақыт бұрын салынған. Оның 12 ғимараты әр жерде орналасқан. Қазіргі таңда аурухана ескіріп тұр. Сондықтан кардиология, инсульт, жарақат және күйік бөлімшелерін ашу қажет.
Жаңа көпсалалы аурухананың жалпы ауданы 40 мың шаршы метрді құрайды. Кешен барлық медициналық құралдармен жабдықталады. Сондай-ақ мұнда 500-ден астам қызметкер жұмыс істейтін болады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив