A+ A A-

talgatzhan 26 22-11-2024, 16:00 0

Риддерде биыл қанша үй салынып, қолданысқа беріледі?

Риддер / Бүгін

«Бірқабатты Шығыс» арқылы құрылысы жүріп жатқан үйлер туралы мәліметпен қала басшылығындағылар бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Редакция тілшісі қала әкімінің сұраухат жіберген. Сұраухат жауабының тең жартысы заңнама тармақтарын ұсынумен байланысып жатыр. Әйтеуір нақты сандар бар. Қала әкімі аппаратының басшысы Мақсат Серіковтің сөзінше, «Бірқабатты Шығыс» мемлекеттік бағдарламасы аясында былтыр он үй мен 20 пәтердің құрылысы аяқталды. Сол уақытта көпбалалы аналар баспана кілтіне ие болыпты.  
– Биыл он үй мен 20 пәтердің құрылысы басталған. Құрылысы бітіп, қосымша жұмыстары аяқталса, әлеуметтің осал топтарына берілмек, – деді аппарат басшысы.
Бар-жоқ ұсынған мәліметтері осы. Аппарат басшысының ақпараты барлық аудан, қала ішіндегі ең тұщымсызы болып тұр. Тым құрығанда сол он үйдің құрылысы қашан бітеді, қала бойынша баспанаға қажеттілік қандай деген сауалдарға да жауап ұсынбады. 

Фотосурет Egemen.kz сайтының тілшісі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив