Қала әкімдігі мәліметінше, хоккей қорабы қыс мезгілінде үздіксіз жұмыс істейді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шара қараша айының 26-сы күні өтті. Аталған қорапта биыл жарықтандыру мен азды-кем жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Орнатылған аспалы жарықтандыру енді кешке хоккей ойнап, коньки тебуге мүмкіндік береді. Ал жөндеу жұмыстары пайдаланушылар үшін барынша қауіпсіз.
– Жаңартылған хоккей қорабының қолданысқа берілгеніне қуаныштымыз. Ол қазір барлық белсенді демалыс және әуесқой спортшылар үшін одан да қолжетімді болады. Бұл қалалық инфрақұрылымды жақсартудағы маңызды қадам және мұнда түрлі жастағы қала тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізетіндеріне сенімдіміз, – деді қала тұрғындары.
Хоккей қорабы қыс мезгілінде үздіксіз жұмыс істейді. Жаңартылған нысан барлық жастағы тұрғындары тартады деп күтілуде.
Пікірлер