Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов қала тұрғындарымен кездесуде мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- 2025 жылға дейін облыста 7000 орынға арналған 20 мектептің құрылысы жоспарлануда. Оның ішінде 4200 оқушыға арналған 10 мектеп “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы бойынша салынбақ. Қазіргі таңда 7 білім ордасының, оны ішінде Риддерде 600 орындық мектептің құрылысы жүріп жатыр. “Казцинк” АҚ қаражаты есебінен басталған нысан құрылысы келесі жылы аяқталмақ, - деді ол.
Айта кетейік, жаңа білім ордасы балаларды мемлекеттік тілде оқытатын болады.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Пікірлер