Облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов Риддер қаласына іссапары барысында аталған құрылыс нысанын аралады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
“Элхон” ЖШС құрылыс жұмыстарын 2021 жылдың желтоқсанында бастаған. Аурухана 500 орынға, ал стационар 200 орынға арналмақ. Қазіргі таңда нысан 85%-ға дайын.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, құрылыс жұмыстарына 34,8 миллиард теңге қарастырылған. Қазір оның 6,6 миллиарды игерілген. Енді 28,2 миллиард теңге қажет.
Облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов қаржы қарастырылатынын айтып, жаңа аурухананың медициналық қызмет көрсету сапасының артуына үлес қосатынын айтты.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Пікірлер