Риддер колледжінде жуықта «Өз мамандығының үздігі – 2025» байқауы өткізіліп, қазылар тарапынан жоғары бағаға ие болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өздеріңізге мәлім, 2025 жыл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен экономикалық тұрақтылық пен әлеуметтік дамудың негізгі факторы ретінде жұмысшы мамандықтарының рөлін нығайтудағы стратегиялық қадам – «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Қарапайым еңбек адамдарының қоғамдағы орны әркез байқала бермегенімен, көп салада алдыңғы шепте екені жасырын емес.
– «Жұмысшы мамандықтар жылы» біздің қоғамда еңбекқорлық пен кәсіпқойлық идеяларын ілгерілетуге жәрдемдесетін болады. 14 наурызда қала мектептері мен колледж оқушылары Риддер колледжінде бас қосты. Жыл сайын өтетін конкурс. Бұл жолы алты қатысушы өз мүмкіндіктерін көрсетті, – деді ұйымдастырушылар.
Байқау екі кезеңге жалғасты. Әуелі тестілеу әдісімен теориялық білімдерін тексерсе, кейін практикалық тапсырмаларды орындады. Байқауға қатысушылардың жұмысын сараптау комиссиясы бағалады.
Колледждің әлеуметтік серіктестері ретінде Риддер қалалық мәслихатының депутаты Гильдерман Г. М., қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Е. В. Агешкина, жеке кәсіпкер И. А. Сероштанова және AMANAT партиясының Риддер филиалының төрағасы А. Б. Ағажаева қолдап, бағалы сыйлықтармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапаттады. Байқау қорытындысында:
1 орын – Печерская Виктория (№5 орта мектебі)
2 орын – Полякова Владислава (Риддер колледжі)
3 орын – Анастасия Тельбухова (М. Горький атындағы мектеп)
Номинациялар бойынша
«Оң қолы өнер тамған» – Соболева София (№12 орта мектебі)
«Оң қолы өнер тамған» – Тиньгаева Карина ( №7 мамандандырылған мектеп-интернаты)
«Жұмысына сәттілік» – Серохвостова Елизавета (№16 орта мектебі)
Асыл АЙТБАЕВ
Пікірлер