A+ A A-

talgatzhan 20 12-12-2024, 14:53 0

Самар ауданының Қайыңды елдімекеніне ауыл мәртебесі беріле ме?

Самар

Мемлекеттік орман қорындағы ауыл тұрғындарының бүгінде тіркеудегі тұрғылықты мекен-жайы жоқ, деп хабарлайды Buqara,kz сайтының тілшісі.

Бұл мәселенің жайы ШҚО әкімінің бірінші орынбасы Нұрымбет Сақтағанов Самар жұртымен кездескенде мәлім болды. 
- Қайыңды мәселесі 2019 жылдан бері айтылып, қолға алынды делінсе де, әлі өзгеріс жоқ. Елдімекен ауыл мәртебесін алмағаннан кейін мәселе де көп. Шұбарқайың мен Қайыңды екі ауылдың арасындағы 4 шақырым жолдың жағдайын жырлап жүргелі қанша уақыт өтті. Аудан әкімдігі қыркүйек айында жол жөнделеді деп уәде берді. Қараша айында кешіктіріліп басталған жөндеу жұмыстары аяғына жетпеді, жол толық жөнделмеді. Бұл жолмен ауыл оқушылары Шұбарқайыңдағы мектепке барады, - деді Қайыңды ауылының тұрғыны.
Сондай-ақ Қайыңдыда электр бағаналары ескіріп, сымдары салбырап, апаттық жағдайда тұрғаны айтылды. 
- Қайыңды елдімекенінің ауыл мәртебесін алу мәселесі шынымен де, сағызша созылып кетті. Бүгінде тиісті құжаттар құзіреттілікке жіберілді. Аудан әкімдігі де жауабын күтуде. 25-желтоқсанда аудандық мәслихат өтеді, сонда міндетті түрде айтылған мәселелер талқыланатын болады, - деді аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Майкенов.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив