A+ A A-

talgatzhan 37 8-01-2025, 13:09 0

Шемонаиха ауданында сілеусін ауыл ішіне кіріп кеткен

Шемонаиха

Шемонаиха ауданында сілеусін ауыл ішіне кіріп кетіп, мысыққа тап берген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Әлеуметтік желіде Шемонаиха ауданындағы бірнеше елді мекенде сілеусін жүргені жайлы видеолар тарады. Түз тағысы Первомайский ауылында мысыққа атылса, Жаңа Бұқтырма кентіндегі демалыс базаларының ішіне кіріп кеткен. 

Тұрғындар бұл туралы полицияға хабарлаған. ШҚО Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, қазір сілеусін табиғи ортаға жіберілді.

- Полицияға Первомайскийдегі Металлургтер көшесінде сілеусіннің үй жануарларына тап бергені туралы хабар түсті. Учаскелік инспектор сол жерге қорықшы мен табиғатты қорғау полициясының қызметкерлерін шақырды. Олар сілеусінді ұстап, табиғи ортаға жіберді, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен. 

Фотосурет ашық дереккөзден

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив