A+ A A-

talgatzhan 33 20-01-2025, 17:00 0

Шемонаиха ауданының тұрғыны бөтеннің үйін қасақана өртеген

Шемонаиха / Бүгін

Тергеу барысында 27 жастағы ауыл тұрғынының көршісімен араздасып, оның мүлкін әдейі өртемек болғаны анықталған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Айыпталушы өзімен бірге бензин толтырылған пластикалық бөтелкені алып, өзгенің қорасын өртеп жіберген. Кейін ол мекенжайдан шатасып, қас болғанның емес көршісінің қорасын өртеп жібергенін түсінген.

- Өрттің салдарынан 7 миллион теңгеден астам шығын келтірілді. Тілсіз жау 10 шақты үй жануарының өліміне себеп болып, 20 тонна шөп, 5 тонна мал азығы және шаруашылық техникасы толығымен жанып кеткен, - делінген ШҚО ПД баспасөз қызметі берген мәліметте.

Бүгінде қылмыстық істің мән-жайын жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған тергеу жұмыстары жүргізілуде. Тергеу нәтижелері бойынша заңды шешім қабылданады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив