Бүгін Шемонаиха аудандық халық штабының төрағасы Мұрат Желдібаев пен «AMANAT» партиясының ардагері Владимир Акулов Камышинка ауылының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жиында қаралған басты тақырып – Қазақстанда АЭС салу мәселесі және алдағы референдумаға сауалдар.
– Қазақстанда АЭС салу басқа мемлекеттерге саяси тәуелділіктен арылтып, энергетикалық егемендікті нығайтуға ықпал етеді. Ел үшін АЭС салу бастамасы стратегиялық маңызға ие. Атом электр станциясын сала отырып, энергетикалық ресурстарын дербес басқарып, елді тұрақты энергиямен жабдықтауға мүмкіндік аламыз, – деді Владимир Акулов.
Спикерлердің айтуларынша, Қазақстан АЭС-ті ең жоғары стандарттарға сай салуға және ел мүддесіне толық жауап беруін көздеуде.
– Сыртқы тәуекелдерді азайту және жобаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шетелдік тәжірибеге сүйеніп, егжей-тегжейлі зерттеп, озық технологияларды енгізу жоспарға алынды. Қазір әр ел азаматының дауысы үлкен маңызға ие. Біз ел болашағы үшін дұрыс шешім қабылдауымыз керек, – деді Мұрат Желдібаев.
Пікірлер