A+ A A-

talgatzhan 23 26-09-2024, 11:40 0

ШҚО-дағы үш ауданның шаруалары егістік кезінде минералды тыңайтқыштарды аз қолданып жүр

Ұлан / Самар / Зайсан / Риддер / Бүгін

Осы жағынан Алтай, Глубокое, Катонқарағай және Шемонаиха аудандары жемісті еңбек етіп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Ауылшаруашылығы басқармасындағылар жуықта өткен жиында минералды тыңайтқыштар тақырыбына ерекше тоқталды. Олардың айтуларынша, күз айларында өнімді мол алғысы келгендер мемлекеттік бағдарламаларды қадағалап, мүмкіндік барда субсидияларға қол соза берулері керек. 
- Былтыр 25 мың тонна минералды тыңайтқыш қолданылды. Биыл оның көлемі 46,9 мың тоннаған жетті. Алайда аймақ көлемінде тыңайтқыш қолдану көлемі аудандарда әрқалай болғандықтан бұл да жеткіліксіз. Осы тұрғыда Алтай, Глубокое, Катонқарағай және Шемонаиха аудандары жемісті еңбек етіп жатыр. Ал Самар, Зайсан, Ұлан аудандары және Риддер қаласында минералды тыңайтқыштар аз қолданылады, - деді аталған басқарма басшысы Ажар Қажыбекова.

Фотосурет ашық дереккөзден

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив