Үлкен Нарын ауданының әкімі болып Елдос Байрахметов тағайындалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Елдос Жанболатұлы 1990 жылы Үлкен Нарын ауданы Балғын ауылында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін "Информатика және бағдарламалық қамтамасыз ету" мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын 2011 жылы «Қазақтелеком» АҚ-да оператор болып бастады. 2012-2013 жылдары «Қазақтелеком» АҚ-да техник, инженер-конструктор болып жұмыс істеді.
2016-2018 жылдар аралығында "Астанателеком" мекемесінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеген.
2019-2021 жылдары «Ертіс» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.
2021-2022 жылдары Мәскеу қаласындағы Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесінің кеңесшісі, көмекшісі болды.
2022-2023 жылдары Шығыс Қазақстан облысының Қаржы басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет етті.
2023-2024 жылдары Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы болған.
Пікірлер