Облыс әкімі Ермек Көшербаев Үлкен Нарын ауданы тұрғындарымен кездесіп, көкейлерінде жүрген бірқатар сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Үлкен Нарын ауданы - облыстағы ауылшаруашылық, индустриялық аймақтардың бірі. Тұрғындарды алаңдатқан басты мәселелердің бірі - жаңадан құрылған аудан әкімдігінде, мемлекеттік мекемелердегі мамандар тапшылығы.
- Үлкен Нарын ауылында мемлекеттік басқармаларды орналастыру үшін арнайы ғимараттар бекітілді. Қазір мекемелер құрамда бар мамандармен жұмыстарын жалғастыруда. Дегенмен кадрлар лимитінің басым бөлігі іргедегі Катонқарағай ауданына ауысып кеткен. Бұл мәселені шешу үшін конкурстар жарияланып, кадр тапшылығы реттелуде, - деді Ермек Беделбайұлы.
Бүгінде аудан орталығында 36 маман еңбектенуде. Бұл барлық кадрлар санының 50%-ы.
Пікірлер