Бүгінде зайсандықтарды толғандырып жүрген газ қорына қатысты сауалға ресми жауап берілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Buqara.kz сайтының тілшісі қойған сұраққа ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Рамазанов Өңірлік коммуникациялар қызметі өткізген брифингте жауап берді.
- Жалпы ШҚО бойынша халықтың 3,25%-ы газбен қамтылған, бұл 23 мыңнан астам адамды құрайды. Оның ішінде Зайсан қаласы мен ауданға қарасты 9 ауыл бар. Өңірде газ қоры төмендеп келе жатқаны белгілі. 2025 жылдың 1-қаңтарындағы ақпаратқа сәйкес, Зайсан ауданындағы қалдық газ қорының көлемі 181 млн текше метр, ал кен орнының зерттелмеген бөлігі 125 млн текше метрді құрайды. Жалпы болжам бойынша Зайсандағы газ қоры шамамен 6 жылға жетеді деп расталған. Ал кен орнының зерттелмеген бөлігін қоса есептегенде шамамен 10 жылға жетуі мүмкін. Дегенмен газ көлемі жыл сайын өзгеріп, зерттелетінін ескеруіміз қажет, - деді басқарма басшысы Нұрлан Рамазанов.
Фотосурет: Лашын ЖАРДЕНБЕК
Пікірлер