A+ A A-

talgatzhan 33 7-02-2025, 14:00 0

Зайсандық азамат бір отбасыны өрттен құтқарып қалды

Зайсан / Бүгін

Айнабұлақ ауылындағы тұрғын үйдің бірінен өрт шығып, көршісі көмекке келген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өрт сөңдірушілер келгенге дейін көршісінің үйін от жалмап жатқанын көрген Талғат Мүсірат терезеден жалынның ортасына енген. Үйде 1956 жылғы қарт әже және 2017, 2019, 2020 және 2023 жылдары туған төрт бала болған. Көршісі іштегілерді қызыл жалыннан тасаға шығарып, бір үйлі жанды құтқарып қалды.

- № 25 өрт сөндіру бекетінің құтқарушылары 30 шаршы метр аумақта өрт сөндірді. Анықталғандай, зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі - электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау болды, - делінген ШҚО ТЖД баспасөз қызметі берген ресми мәліметте.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив