A+ A A-

talgatzhan 35 Кеше, 13:00 0

Зайсандағы әуежай мамыр-маусым айларында жұмысын бастайды – Нұрымбет Сақтағанов

Зайсан / Басты / Бүгін

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Зайсан ауданына жұмыс сапарымен барып, салынып жатқан әуежай құрылысымен танысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ұшу-қону жолағы толық салынды

Аймақ басшысы Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыровпен бірге әуежай аумағын аралап, құрылыс қарқыны мен атқарылып жатқан жұмыстарды көрді. Айта кетейік, былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасына сәйкес Катонқарағай мен Зайсан аудандарында әуежай құрылысы басталған болатын. Қазір Зайсандағы нысанда жұмыс бірқалыпты жүріп жатыр.
Ресми ақпаратқа сәйкес, бүгінде әуежай құрылысының 65 пайызы аяқталып, ұшу-қону жолағы толығымен салынып бітті.

Қанша адам жұмыс істеп жатыр?

Қаржыландыру мәселесі де толық шешілген.
– Әуежай құрылысы бойынша ұшу-қону жолағы толық дайын. Осы жылдың мамыр-маусым айларында әуежай өз жұмысын бастап, орта деңгейдегі әуе кемелерін қабылдай бастайды, – деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.
Айта кетейік, қазір әуежай құрылысында 200-ге жуық адам еңбек етуде. Жаңа әуежай іске қосылған жағдайда Зайсан ауданының көлік-логистикалық әлеуеті артып, туризм мен өңір экономикасының дамуына серпін бермек.

Нұрдәулет ҚАЛИБЕКОВ (Фотосурет автордікі)

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив