A+ A A-

talgatzhan 37 30-09-2024, 17:43 0

Өскемендегі дүкендердің бірінде сирек кездесетін тасбақа заңсыз саудаланған

Қылмыс / Өскемен

Табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері қаладағы үй жануарлары дүкендерінің бірінде тексеру жүргізіп, онда сатушылардың ұстауға және сатуға рұқсаты жоқ үш ортаазиялық тасбақаны саудаға салғанын анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ортаазиялық тасбақа әлемде сирек кездесетін жануар ретінде Халықаралық табиғатты қорғау одағының қызыл тізіміне енгізілген. Сонымен қатар жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерін халықаралық сауда туралы конвенциямен (СИТЕС) қорғауға алынғанын айта кету керек.
- Аталған факті бойынша құқық бұзушыларға қатысты (жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз өткізу, тасымалдау, әкелу, әкету) бап бойынша әкімшілік іс қозғалды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметіндегілер.
Тергеу жұмыстарын жүргізу үшін іс облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясына берілді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив