A+ A A-

talgatzhan 52 25-11-2024, 16:00 0

Көк түтіннің кесірі қандай? ШҚО әкімі Ермек Көшербаев Өскеменде экологтармен кездесті

Өзекті мәселе / ШҚО / Бүгін

Соңғы уақытта Өскеменде түтінге байланысты әлеуметтік желілерде көптеген ақпарат пайда болып, тұрғындар бірінен соң бірі наразылықтарын білдіре бастаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыс әкімі Ермек Көшербаев экология департаментінің басшысы Азамат Тауырбековпен кездесіп, осы ауданда жоспардан тыс тексеру мен ауаны өлшеу туралы баяндамасын тыңдады. Гагарин бульвары, 9 (Аллея) мекенжайы бойынша жүргізілген өлшеулер хлорлы сутегінің шекті рұқсат етілген концентрациядан (ШРК) артқанын анықтады. Басқа ластаушы заттар бойынша шектен асу тіркелмеген. Бұдан басқа, «Қазгидромет» РМК филиалының №1 (Рабочая к-сі, 6) және №6 (Назарбаев к-сі, 83/2) бақылау бекеттерінде атмосфералық ауа мониторингінің нәтижелеріне сәйкес 20 қарашада көміртек оксиді бойынша шекті рұқсат етілген концентрациядан асып кеткені тіркелді.
Айта кету керек, қала қазаншұңқыр іспеттес жерде орналасқан. Қазан мен қарашада айларында желсіз, тымық күндер сақталып келді, бұл да метеожағдайға әсер етеді. Бұдан басқа, от жағатын жер үйлер орналасқан жеке сектор да атмосфераға үлкен салмақ түсіріп отыр.
– Қала тұрғындарының өтінішінен кейін экология департаменті өкілдері атмосфераға шығарылатын қалдықтар бойынша кәсіпорындарды тексеруді жоспардан тыс қолға алды. Оның нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады. Ермек Көшербаев атап өткендей, кінәлілер қолданыстағы заңнама аясында жауапкершілікке тартылмақ, – делінген облы әкімдігі ұсынған ақпаратта.
Сондай-ақ өңір басшысы атап өткендей, экологтар барлық шағын қазандықтар мен кәсіпорындарда экологиялық нормалардың сақталуын тексеруі қажет. Жақын арада әкімдік қосымша 10 бекет орнатуды қаржыландырмақ, бұл нақты жағдайды айғақтап беретін болады.
Қазіргі уақытта 2-ші дәрежелі қолайсыз метеожағдайға байланысты Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті мамандары арнайы аспаптармен өлшеуге жедел түрде шықты. Басты міндет – ластаушы заттардың атмосферадағы үлесін анықтау. Өлшеу нәтижелері туралы қосымша хабарланады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив