Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінле ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінің басшысы Денис Шакенов бұл тұрғыла тиісті тексерістер әлі жалғасып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Тиісті ескертулер айтылып, ұсынымдар айтылса да, спорт тақырыбындағы заң бұзушылықтар әлі тыйылмапты. Департамент басшысы Денис Шакенов биыл сәуір айында өткен жиында жалған диплом арқылы жұмыс істеп, іссапар шығындарына деп бөлінген қаржыны қалтаға басу сияқты ағаттықтар жиі тіркелгенін айтқан болатын. Оның ішінде, командаларға деп бөлінген қаражат мөлшері де тым аз.
– Жалған құжат жасау бойынша жеті факті анықталды. Көбі балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде болған. 2021 жылдың қаңтар айында Өскемендегі волейболдан мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі оқу-жаттығу жиынын өткізді. Спортшылар дайындық жүргізіп, оларды тамақпен, жататын орынмен қамтамасыз ету үшін 4 млн теңгеден астам қаржы аударылды. Бірақ оқу-жаттығу жиыны Өскеменде өткен. Әдетте, бір жерден бас жаққа барып әзірлік жүргізген кезде қаржы бөлінетін еді. Осы әрекет қалай іскені шынымен де қызық жайт, – деді жауапты тұлға сәуір айындағы брифинг кезінде.
Бірақ спорт саласындағы былықтар әлі де азаймаған. Денис Шакеновтің сөзінше, осы бағытта жұмысты күшейту туралы Президент арнайы тапсырма берген.
– Өңір көлемінде биыл да бұзушылықтар анықталды. Қазір бірнеше қылмыстық іс зерттеліп жатыр. Ондаған миллион теңге жымқырылды. Бұл жерде іссапарға деп бөлінген ақша да тақырыпқа негіз болған. Себебі, баратын адам саны шектеулі болса да, олардың жолына, жататын жеріне деп бөлінген сома мен барған адамдар саны анағұрлым көп. Бірақ тексерістер уақтылы жүргізіліп отырады, заңнан аттағандар анықталып жатыр. Қолда бар деректерді жиын-теріп сотқа жіберсек, қосымша ақпараттар ұсынамыз, – деді Денис Шакенов.
Әділхан ЕСІМХАНОВ (Фотосурет news.myseldon.com)
Пікірлер