A+ A A-

talgatzhan 31 17-10-2024, 16:50 0

ШҚО-да құрылысы ұзаққа созылған 13 нысанға 170 млрд теңгеден астам қаржы құйылған

Өзекті мәселе / ШҚО / Бүгін

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінің басшысы Денис Шакенов мұның алдында өткен брифинг кезінде мамандандырылған ХҚКО салынып бітуге шақ қалғанын айтқан болатын, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, мекеме қазір жұмыс істеп тұр. Облыс көлемінде маңызды нысан саналады. Ал жалпы, құрылысы созылып кеткендердің тізіміне 13 нысан енген. Оған бөлінген қаржы 172 миллиард теңге. Денис Шакенов Бұқтырма көпірі де осы тізімде болғанын, бірақ биыл құрылыс толықтай аяқталғанын жеткізді.
– Гематология орталығында қаржыландыру жағы тоқтап тұр. Сол себепті, оған республика тарапынан қаражат бөлінеді. Облыс көлемінде дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салумен айналысатын мердігер бар. Мәселен, Катонқарағай мен Марқакөл аудандарындағы нысандар әлі біткен жоқ. Дәл сол мердігер Топқайың ауылында су құбырларын тартуға жауапты. Соған сәйкес, жұмыс мерзімі ұзартылды. Өкінішке қарай, қауырт тірлік толыққанды орындалып бітпеді. Біз жолдаған ұсынымға сәйкес жергілікті атқарушы орган тиісті шараларды қолға алып жатыр. Бәрін қадағалап отырмыз, – деді департамент басшысы.

Әділхан ЕСІМХАНОВ (Фотосурет Inform.kz)

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив