A+ A A-

admin 46 8-01-2025, 10:30 0

Қазақстанда мобильді аударымдар не себепті бақыланып жатыр?

Өзге / Пайдалы / Бүгін

Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, мобильді аударымдарды бақылау заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығаруға бағытталған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Талапқа сәйкес, бір адамға қатарынан күнтізбелік үш айдың әрқайсысында жүз және одан да көп әртүрлі адамнан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған банк шотына ақша түспеуі тиіс. 
- 2025 жылдан бастап банктерден департаментке тиісті ақпарат ұсынылады. Аталған шара жасырын кірістер мен тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтауға бағытталған. Өйткені көптеген кәсіпкерлер тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін төлемді кәсіпкерлік қызметке арналмаған жеке шоттарға мобильді аударымдар арқылы қабылдайды. Бұдан басқа, қолданыстағы өлшемшарттан жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқығы бар тұлғаларды алып тастау бойынша өзгерістер  енгізіліп жатыр, - делінген ақпаратта. 
Сондай-ақ  өлшемшартты «бір жеке тұлғаның қатарынан күнтізбелік үш айдың әрқайсысының ішінде жүз және одан да көп әртүрлі адамнан банк шотына жалпы сомасы 3 ЕТЖ-ден асатын ақша қаражатын алуы»  деп  қабылдау ұсынылады  (01.01.2024 жылғы жағдай бойынша 255 мың теңге).

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив




Пайдалы


Руханият

Қалаға хат 3-02-2025, 10:55

Жұлдыз жорамал

{calendar}