A+ A A-

talgatzhan 62 15-11-2024, 14:30 0

Қысқы Азия ойындарына Қазақстаннан 139 спортшы қатысады

Республика

ІХ қысқы Азия ойындарына Қазақстаннан 140-қа жуық спортшы қатысады. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Азамат Имашев мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі kazinform сайтына сілтеме жасап.

«ІХ қысқы Азия ойындары 2025 жылғы 7-14 ақпан аралығында Қытай Халық Республикасының Харбин қаласында өтеді. Осы жолы жарыстарды Харбин және оның шығысында 200 шақырымда орналасқан Ябули қаласы да қабылдамақ. Атап айтқанда, Харбинде коньки спорты түрлері, шайбалы хоккей мен кёрлинг жарыстары, ал Ябулиде шаңғы спорты, биатлон, шаңғы альпинизмі жоспарланған», - деді А. Имашев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жарысқа 30-дан астам елден 1,2 мыңға жуық спортшы қатысады. Олар спорттың 6 түрінен (11 дисциплина - биатлон, тау шаңғысы, кёрлинг, конькимен жүгіру, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, шаңғы жарысы, сноуборд, фристайл-акробатика, шайбалы хоккей, ски-альпинизм) 196 медаль жиынтығын сарапқа салады.

«Еліміздің Ұлттық құрамасы спорттың 6 түрінен 139 спортшы (71 ер, 68 әйел) алып барады. Олар 50 медаль жиынтығына таласады», - деді ведомство өкілі.

Атап айтқанда, биатлон - 10 спортшы, кёрлинг – 12, конькимен жүгіру спорты – 20, мәнерлеп сырғанау – 4, шорт-трек – 12, шаңғы жарысы - 12 спортшы, шайбалы хоккей (ерлер) - 23 спортшы, шайбалы хоккей (әйелдер) - 23 спортшы, тау шаңғы спорты – 8, фристайл-акробатика – 7, сондай-ақ шаңғы жарысынан 8 спортшы барады.

1996 жылы үшінші ақ Азиада осы Харбин қаласында өтіп, онда Қазақстан 14 алтын, 9 күміс, 8 қола жүлде жеңіп алған. Бұл жалпы есептегі екінші орын. Жалпы, Қазақстан қысқы Азиадаға сол 1996 жылғы ойынындардан бері қатысып келе жатыр. Осы аралықта 78 алтын, 62 күміс және 56 қола медаль (барлығы 196) жеңіп алған.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, дүбірлі дода тарихта ең көп ел қатысқан қысқы Азиаданың бірі болмақ. Қазіргі уақытта 34 ел/аймақтан 1500-ге жуық спортшы өтініш беріп үлгерді. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив