A+ A A-

talgatzhan 41 15-11-2024, 15:15 0

UFC 310 турниріндегі Шавкат Рахмоновтың қарсыласы белгілі болды

Республика

 Dar Pro Team командасы жеңіліп көрмеген қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың (18-0) желтоқсан айындағы қарсыласын атады, деп хабарлайды  Buqara.kz  сайтының тілшісі.

Аталған команданың әлеуметтік желідегі парақшасында хабарланғандай, 8 желтоқсанда Шавкат жеңіліп көрмеген ирландиялық Иэн Гэрримен (15-0) жартылай орта салмақтағы «уақытша» UFC белбеуі үшін кім мықтыны анықтайды. Жекпе-жек UFC 310 негізгі оқиғасы аясында Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтеді.

Айта кетейік, алдымен Шавкат Рахмонов бас титул үшін оның қазіргі иегері америкалық Белал Мұхаммедпен жекпе-жек өткізуі керек болған. Бірақ америкалық аяқ сүйегіндегі жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты.

Белалдың орнына бұрынғы дивизион чемпионы Камару Усман қарастырылғанымен, аз уақыт қалғанда айтылған ұсыныстан ол да бас тартты.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив