Желтоқсан айында 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 10 күн, ал 6 күн жұмыс істейтін азаматтар 6 күн демалады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі
Желтоқсан айындағы басты мереке 16 желтоқсан – Тәуелсіздік дүйсенбіге келіп тұр. Мерекеге орай 5 күн жұмыс істейтін азаматтар 14,15,16 желтоқсан үш күн қатарынан демалады. 6 күндік жұмыс кестесі бойынша 14 желтоқсан жұмыс күні, ал 15 және 16 желтоқсан – демалыс.
Жыл соңы 31 желтоқсан – жұмыс күні.
Еске сала кетсек, биыл елімізде бірнеше кәсіби мерекелер пайда болды. 14 тамыз – ҚР Қарулы күштерінің кәсіби мерекелерінің тізбесіне жауынгерлік даярлық маманы күні енгізілді.
Пікірлер