A+ A A-

talgatzhan 16 20-11-2024, 15:30 0

Бірыңғай сағат белдеуі табиғат ырғағына оралуға мүмкіндік берді - маман

Республика

«Циркадтық ырғақ» - бұл адам денсаулығының, жұмысқа қабілеттілігінің және ұзақ өмір сүруінің негізі. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық денсаулықты сақтау орталығының басқарма төрағасының орынбасары Салтанат Назарова айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі kazinform сайтына сілтеме жасап.

«Адамның өмірлік процестері уақытқа (сағат, күн, апта, ай, маусым немесе жыл ішінде) байланысты өзгереді. Бұл өзгерістер биологиялық ырғақ деп аталады. «Циркадтық ырғақ» - бұл біздің денсаулығымыздың, жұмысқа қабілеттілігіміздің және ұзақ өмір сүруіміздің негізі. Көптеген шетелдік зерттеулер биологиялық ырғақ ағзадағы гормондардың, ферменттердің және басқа белсенді заттардың деңгейін басқаратындығын, сонымен қатар қан құрамы мен жалпы тепе-теңдікті (гомеостаз) сақтайтындығын көрсетеді», - деді ол.

Оның атап өтуінше, ұйқы мен сергектікті, демалу мен белсенділікті, тамақтану мен зат алмасуды реттейтін биологиялық ырғақтық үйлесімді жұмысы адам денсаулығы үшін маңызды рөл атқарады.

«Бірыңғай уақыт белдеуі биологиялық сағатты синхрондау және ресми уақыт пен күндізгі мезгілді мүмкіндігінше жақындату арқылы өмірдің табиғи ырғағына оралуға мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда әлемнің 195 елінің 117-сі стандартты сағат белдеуіне барынша жақын географиялық уақыт пайдасына таңдау жасады. Өйткені адамның «Циркадтық ырғағы» күндізгі табиғи циклмен синхрондалды», - деді Салтанат Назарова.

Еске сала кетейік, 1 наурыздан бастап Қазақстанда уақыт бір сағат артқа жылжыды.

Осыдан кейін өзгеріске қарсы шыққан қазақстандықтар бұрын қолданыста болған уақыт белдеуін қайтару жөніндегі петиция жариялады. Стандартты уақыт белдеуінің оң әсері туралы негізделген халықаралық ғылыми зерттеулерді және уақыттың ауысуы халықтың денсаулығына кері әсер еткенін растайтын деректердің болмауы негізінде Сауда және интеграция министрлігі петицияны қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдады.  Кеше Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов бірыңғай уақыт белдеуіне бекерден-бекер ауыспағанымызды атап өтті. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив