A+ A A-

talgatzhan 33 22-11-2024, 15:30 0

2025 жылғы 1-4 қаңтар демалыс күндері болып белгіленді

Республика

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруды көздейтін бұйрық дайындады, деп хабарлайды  Buqara.kz сайтының тілшісі kazinform-ға сілтеме жасап

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «2025 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы» бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы 5 қаңтардағы жексенбі, яғни демалыс күні 2025 жылғы 3 қаңтарға, жұмаға ауыстырылады.

Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 1-4 қаңтар, ал жұмыс аптасы алты күнді құрайтын азаматтар – 1-3 қаңтар күндері демалатын болды.

Демалыс күнін ауыстыру жұмыс уақытын оңтайлы бөлуге және азаматтардың демалысы үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Осыған дейін 2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 264 кәсіпорны 17,8 мың жұмыскерге 3,9 млрд теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында 7,1 мыңнан аса еңбек құқығының бұзылуы анықталды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив